Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ассамблея Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр
Қазақстан халқы ассамблеясы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап бастағандарын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15:13 04.09.2022
«Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орын алған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы ұйымдастырып бастағаны туралы хабарлайды.
4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды»,-деп жазады ұйымның ресми сайты.
Ассамблея өкілдерінің айтуынша, жиналған көмек өрттен келген шығынның орнын толтыруға бағытталмақ.
«Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет. Осыған байланысты қаражат жинау басымдылықта екенін түсініп, оны арнайы ашылған есеп айырысу шотына жіберсеңіздер болады: 8 747 482 64 49
Бұл жұмысты үйлестіру «Қоғамдық келісім» мекемесіне жүктелді.
Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы», - деп жазылған мәлімдемеде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram