Қостанай облысында өртенген үйдің орнынан адам денесі табылды
Қостанай облысындағы орман өртімен күрес кезінде құтқарушылар адамның денесін тапты.
Фото: прессслужба МЧС РК
18:49 07.09.2022
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті.
«Қазір Қостанайдағы өрттің аумағы 42 мың гектар болып отыр. Тілсіз жаудың салдарынан 91 тұрғын үй өртеніп кетті. 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бүгінде олар өз үйлеріне оралды. Сондай-ақ, өртенген үйдің орнынан бір адамның денесі табылды», - деді Дмитрий Титов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, аталған өңірдегі өртпен күреске 2 мыңнан астам маман жұмылдырылды.
«Олардың қатарында біздің мамандардан бөлек, Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері бар. Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысындағы өрт ауыздықталды», - деді Дмитрий Титов.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!