Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болды
Жетісу облысында көлік апатынан үш адам мерт болып, екеуі жарақаттанды.
Фото: polisia.kz
13:40 24.09.2022
Көлік апаты 24-қыркүйек күні Сарқан ауданындағы Алмалы ауылының маңында болған.
«Тойота Хайлюкс көлігін 38 жастағы тұрғын тізгіндеген. Ол Алматы-Өскемен тасжолының 427-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылған. Оқиға орнында үш адам мерт болды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, көлік жүргізушісі мен 48 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345 бабының 4-ші тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары