{metadescription}
Маңғыстауда жол бойында қараусыз жүрген 220-ға жуық мал қамалды
Маңғыстау облысындағы республикалық маңызы бар Ақтау-Шетпе тас жолының бойында жүрген 220-ға жуық иесіз мал жануарларға арналған орынға қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:07 25.09.2022
«Төрт түлік автомобиль жолының жүру бөлігінен өткен. Полиция қызметкерлері оларды арнайы жануарларға арналған орынға қамады», - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.
Жол апаттарының алдын алу мақсатында мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!