{metadescription}
Таразда 14 жастағы жасөспірім тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп, мерт болды
Тараз қаласында 14 жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан секіріп кетті. Жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқПарат.
13:11 25.09.2022
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсау себептері анықталып жатыр. Оның өлім алдында қалдырған хатын тиісті мамандар зерттейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!