Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Президент Шымкентте бірқатар еңбек ардагерін марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар еңбек ардагерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Фото: akorda.kz
16:36 27.09.2022
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1023 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
"Парасат" орденімен Шымкент келбеті" – "Панорама Шымкента" газетінің бас редакторы Бақтияр Байдуллаұлы Тайжанов;
"Құрмет" орденімен Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ә.Марғұлан атындағы археология институты" РМК бас директоры Бауыржан Әбішұлы Байтанаев;
"Құрмет" орденімен Шымкент қаласы "№2 қалалық аурухана" МКК дәрігері Есенгелді Ибрагимұлы Бегешев;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ спортшысы Ксения Александровна Хан;
"Шапағат" медалімен Шымкент қаласы "№ 89 IT мектеп-лицей" КММ тәрбиешісі Әсем Мұхтарқызы Үсенова наградталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram