25 қазан - Республика күні: Президент заңға қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кинематография, мәдениет және мерекелер мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда сайты.
Фото: akorda.kz
11:18 29.09.2022
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы норманы қолдаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!