Абай облысының бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысының 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен Абай облысының бірқатар азаматы елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін марапатталды.
12:30 30.09.2022
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:
«Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;
«Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;
«Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;
«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;
«Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!