{metadescription}
Коронавируспен күрес шаралары күшейтіледі

Коронавируспен күрес шаралары күшейтіледі

Еуропа елдерінің көпшілігінде COVID-19 жұқтыру жиілігі артып келеді. Коронавирустың ықтимал күзгі толқыны алдында Германия тағы да халықты белгілі бір жағдайларда FFP2 маскаларын тағуға міндеттейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елде күн райының суытуына байланысты ауруға шалдығушылар санының тұрақты өсімі байқалғандықтан, санитарлық ережелер қайта енгізіледі. Жұма күні COVID-19 жұқтырудың 96 мың 367 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл бір апта бұрын тіркелген жағдайлардан екі есе көп. 

ГФР денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах 1 қазаннан кейін енгізген жаңа ережелерді басқа еуропалық елдермен салыстырғанда қатаңырақ екенін атап өтті. 

Сенбіден бастап қалааралық пойыздардың 14 жастан асқан жолаушылары осы уақытқа дейін міндетті болып келген хирургиялық маскалардың орнына FFP2 маскаларын тағуға міндеттелмек. 

Германияның барлық 16 жерінің денсаулық сақтау министрлері жергілікті автобустар мен пойыздардың жолаушылары кем дегенде хирургиялық маска тағуы керек деп келісті, дегенмен бұл жаңа федералды ережелерге сәйкес міндетті емес. 

Екінші жағынан, әуе жолаушылары әзірге маскасыз жүре алады, бұл ЕО-ның басқа елдері мен әуе компанияларының тәжірибесіне сәйкес келеді. 

FFP2 маскаларын енді неміс ауруханаларында, қарттар үйінде және дәрігерлердің кабинеттерінде тағу қажет. Қарттар үйіне немесе ауруханаға барар алдында теріс нәтижесі бар коронавирусқа тапсырылған тест көрсету керек, ал осы мекемелердің қызметкерлері аптасына бірнеше рет тестілеуден өтуі тиіс. 

Егер COVID-19 –ға байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарласа, федералды жерлер дүкендер мен мейрамханалар секілді жабық жерлерде маска тағуды талап ету сияқты қосымша шараларды қолдануға құқылы. Тестілер мектептер мен балабақшаларда да міндетті болуы мүмкін. 

Орта оқу орындарында ГФР-дің аймақтық билігі тек 11 жастан асқан балалар үшін маска тағуды міндеттеуді қайта енгізе алады. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде