{metadescription}
Алматылықтарға кәсіп ашу үшін грант беріледі

Алматылықтарға кәсіп ашу үшін грант беріледі

Алматылықтар кәсіп ашуға грант алып, жаңа мамандықты тегін игере алады.

Бұл туралы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Сағындық Кенжебаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты.

Сағындық Кенжебаев Алматының жұмыспен қамту орталығы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны» іске асыру аясында қандай жұмыс атқарылғанын айтып берді.

«Біріншіден, мегаполисте жұмыссыздарды кәсіптік оқыту белсенді жүріп жатыр. Оқыту жұмыс берушілердің өтініші бойынша оқу орталықтарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында жүргізіледі. Оқу ұзақтығы 6 айға дейін. Жобаға қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша (50 мың теңге) мемлекеттік қолдаумен, (20 949 теңге) стипендиямен қамтамасыз етіледі. Оқу аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орнына (кемінде 12 ай мерзіммен) жұмысқа орналастыруға міндеттенеді», - деді спикер.

Айтуынша, биыл 25 мамандық бойынша 1002 адамды оқыту жоспарланған, бүгінгі таңда кәсіптік оқыту курстарына 1003 адам жіберілді, оның ішінде 659 адам оқуды аяқтады, 499 адам алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналасты. Бұдан басқа, жаппай кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін (1 225 200 теңге) мемлекеттік гранттар беру көзделген - бұл жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін бастапқы капитал. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ жекелеген әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға (29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер, АӘК және көп балалы ретінде, асыраушысынан айырылғанға байланысты жәрдемақы алушылар, қандастар, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған мүгедектігі бар адамдар) өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сонымен қоса өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- дейді ол.

Айта кетейік, гранттар келесі бағыттарды дамытуға ғана беріледі: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құсты, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды, сатып алу, үй-жайды жалға алу ақысын төлеу.

«Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнім өндіруге берілмейді», - деп түсіндірді спикер.

Бүгінгі таңда мемлекеттік гранттарды 483 үміткер алды. Тағы 1086 үміткерге беру жоспарда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде