{metadescription}
Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды

Екібастұз ЖЭО-сында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды

Бүгін түнде, сағат 01:20 шамасында, Екібастұз ЖЭО-сындағы бір қазандық істен шығып, он минуттан кейін тағы үшеуі тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тұрғындардың айтуынша, қазір үйлердегі ауа температурасы +10 градустан аспайды, ал далада ауа температурасы -35 градус боп тұр.
«Сағат 01:30-да желілік суды көп тұтынуға байланысты №13, 14, 15 қазандық агрегаттары тоқтап қалды. Қазіргі уақытта №8 және №14 қазандық қондырғылары іске қосылуда. Жөндеу бригадалары ұйымдастырылды. Жақын арада параметрлер қалпына келтіріледі», - деп хабарлады ЖЭО-дан.
Жылу орталығы тұрғындардан құбырлар әлі суымаған, үй жалпы жылу жүйесінен ажыратылмаған болса, жағдайды ушықтырмауды және суды ағызып жібермей тұра тұруды сұрайды. Жылу берушілер қазандықтар іске қосылған соң тұрғындарға құбырларды жылытып, бұзылған жерлерді жөндеуге көмектесуге уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.