Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көшкін жүріп, ондаған адам хабар-ошарсыз кетті
Бразилияның оңтүстігінде Паран штатының тасжол учаскесінде көшкін жүріп, салдарынан кемінде екі адам көз жұмып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Фото: AFP PHOTO / SANTA CATARINA FIRE DEPARTMENT
21:00 01.12.2022
Бразилия билігінің хабарлауынша, нөсер жаңбырдан кейін лай 20-ға жуық жеңіл көлік пен жүк көлігін шайып кеткен. Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығы мен оқиға орнының шалғайлығы іздеу жұмыстарын қиындатқанын айтуда.
Алдын ала мәлімет бойынша 50-ге дейін адам хабар-ошарсыз кеткен.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram