{metadescription}
Коронавирустың цербер штамы адамдарға қалай әсер етеді

Коронавирустың цербер штамы адамдарға қалай әсер етеді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда анықталған коронавирустың «цербер» штамының ерекшеліктерін айтты.

«Цербер – «омикронның» бір түрі. Омикронның таралған түрлеіне қатысты мониторинг жүргізіп, оларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Жалпы, таралған вирустартың арасында «цербердің» үлесі 0,5 пайызды құрады. Адамдар бұл вирус штамын жеңіл еңсеріп жатыр», - деді А. Ғиният Сенаттағы Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда коронавирустың симптомсыз жағдайлары көп кездеседі.

«Қазіргі таңда ауруханаларда 100 науқас жатыр. Бұлар негізінен егде жастағы, екпе алмаған, уақытылы екпе алмаған науқастар. 10 науқас ауыр халде», - деді ведомство басшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.