{metadescription}
Шуда жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Шуда жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Түнде Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрттен екі кішкентай бала көз жұмды.

Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайғылы оқиға желтоқсанның 2 жұлдызынан 3-не қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дегерінгінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздардар отқа оранған.

«Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметінен.

Құзырлы орган мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін оқиға орнынан 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.