{metadescription}
Өзбекстан азаматы Астанада есірткімен ұсталды

Өзбекстан азаматы Астанада есірткімен ұсталды

Елордада есірткі өткізген және сақтаған шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өткізгені және сақтағаны үшін ер адамды ұстады. Тінту барысында Өзбекстанның 50 жастағы азаматынан 44,25 грамм гашиш тәркіленді», - деп жазды ІІМ-нен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның есірткі қолданғаны расталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.