Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Килиан Мбаппе әлем чемпионаттарында 9 гол соққан алғашқы жас ойыншы атанды
Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе әлем чемпионаттарында 9 гол соққан бірінші жас ойыншы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09:25 05.12.2022
Бұдан төрт жыл бұрын Ресейде өткен чемпионатта К.Мбаппе қарсыластар қақпасына 4 гол соғып, Франция жеңімпаз болған біріншілік соңында «Ең үздік жас ойыншы» атанған еді.
К.Мбаппенің биылғы қарқыны одан да жоғары. Топтық бәсекеде ол үш голдың авторы атанса, бүгін Польша қақпасына тағы екі доп енгізді.
Осылайша, К.Мбаппе 24 жасқа жетпей-ақ әлем чемпионаттарында 9 гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram