Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді.
Фото: Zakon.kz/ Максим Золотухин
15:03 05.12.2022
«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды», - делінген хабарламада.
Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейін жеткілікті жоғары деп бағалап отыр.
«Базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы бүгінгідей мәндерде сақтау инфляцияны тұрақтандыруға және оны орта мерзімді перспективада біртіндеп төмендетуге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Банк.
Еске салсақ, 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram