Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстауда жол апатынан бір адам мерт болып, 6 адам зардап шекті
Маңғыстауда жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды.
17:12 05.12.2022
Оқиға 4 желтоқсанда сағат 19:50 шамасында Ақтау-Құрық тас жолының 71/6 шақырымында орын алған.
«Mercedes-Benz C220» автокөлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Toyota Camry» автокөлігіне соғылған. Салдарынан «Mercedes-Benz» автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз мәліметінде.
Зардап шеккен 6 жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 34 -бабының 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Қазір жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес әзірге жария етілмейді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram