{metadescription}
Айдос Ербосынұлы комадан соң Қазақстанға оралды

Айдос Ербосынұлы комадан соң Қазақстанға оралды

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA Regular әлем чемпионы кіші Давид Моррельден жеңілгеннен кейін отанына оралды.

Қарашада Айдос кубалықпен Миннеаполисте (АҚШ, Миннесота) жұдырықтасып, Моррель 12-ші раундта жеңген болатын. Айқастан кейін Ербосынұлы жергілікті ауруханалардың біріне жеткізіліп, оның миына қан құйылғаны анықталған болатын. Боксшы жасанды комаға түсіп, ота жасалды. Бірнеше апта бойы дәрігерлердің бақылауында болды.

Операциядан кейін оған туыстары ұшып барды. Спортшыға танымал тұлғалар, оның ішінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау білдірді.

Бұған дейін ол жанкүйерлеріне қолдау білдіргендері үшін алғыс айтып, болашақта рингке оралғысы келетінін айтқан болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.