{metadescription}
Астанада жеке кәсіпкер көліктерге жалған нөмір тағып, бизнес жасаған

Астанада жеке кәсіпкер көліктерге жалған нөмір тағып, бизнес жасаған

Астанада жеке кәсіпкер көліктерге жалған нөмір тағып, бизнес жасаған.

Елордада кешкі уақытта патрульдік полицейлер жалған мемлекеттік нөмірлік белгілері бар Daewoo Nexia автокөлігін басқарған жүргізушіні анықтады. Іс жүргізу барысында Алматы ауданының полицейлері ер адамның көлікті кәсіпкерден жалға алғанын анықтады. Белгілі болғаны, бір маркалы, түсі бірдей және нөмірлері бірдей екі көлік жалға берілген.

Бизнесмен нөмірдің көшірмесін Telegram қосымшасында тапсырыс бергені және ол үшін 50 мың теңге төлегені белгілі болды. Аталған фактіге қатысты «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Аталған бап бойынша жаза 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұлдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не шектеуге дейін көзделеді. Қазіргі уақытта «егіз көлік» тәркіленіп, коммуналдық тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.