{metadescription}
Алматыда таңертеңнен бері іздестірілген 9 жасар қыз бала аман табылды

Алматыда таңертеңнен бері іздестірілген 9 жасар қыз бала аман табылды

Еріктілердің көмегінің арқасында бүгін таңертең Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз аман-есен табылды.

– Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде, Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді, - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.

Айта кетейік, Алматыда бүгін таңғы сағат 07:40-та Сейфуллин даңғылы бойындағы үйден Алматының Түрксіб ауданында орналасқан мектепке шығып кеткен 9 жасар Айша Тимурды іздеу жұмысы жүргізілді. Оқушы қызды іздеуге барлық полиция жасақтары, Ұлттық ұлан сарбаздары, еріктілер және қарапайым адамдар жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде