{metadescription}
Қызылордада мұз астынан ер адам өлі табылды

Қызылордада мұз астынан ер адам өлі табылды

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы ПБ "102" арнасына мұз астынан белгісіз адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Бұл дерек қалалық полицияның соталды тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелген. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер адамның мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу жалғасады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.