Әлихан Смайылов: Халықтың инвестиция мәдениеті мен сауаттылығы артып келеді
«ҚазМұнайГаз» акцияларының бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы саудасы ресми ашық деп жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:35 08.12.2022
Шараға қатысқан ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «ҚазМұнайГаз» ІРО-сының ел экономикасына тигізер әсері туралы айтты.
«ҚазМұнайГаздың ІРО-сы Қазақстанның қор нарығы үшін ірі мәмілелердің бірі болып есептеледі. Бұл отандық қаржы нарығын дамытуға, ел азаматтарына, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына да оң әсерін береді», - деді Премьер-Министр.
Оның пайымынша, мұндай ауқымды шара халықтың инвестиция мәдениеті мен сауаттылығын арттырады.
«ҚазМұнайГаз» бұдан былай Қазақстанның биржалық инвестицияның зәкірлік эмитенті болатынын ескере отырып, біз халықаралық инвесторлардың тарапынан да айтарлықтай қызығушылық танытуды күтеміз. Әрі ашық болуын арттырады, халықтың инвестиция мәдениеті мен сауаттылығы артып келеді», - деді Үкімет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары