{metadescription}
Қазақстанның Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілері тағайындалды

Қазақстанның Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілері тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Болгария, Литва және Албаниядағы Елшілерін тағайындады.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин тағайындалды. Ол ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.