{metadescription}
Ақмола облысында Цербер коронавирусының жаңа штаммы анықталды

Ақмола облысында Цербер коронавирусының жаңа штаммы анықталды

Ақмола облысында коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, алайда өңірде «Цербер» коронавирусының жаңа штаммы анықталды.

Бұл туралы Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирустық инфекцияны анықтау бойынша соңғы рет ПТР-тестілеудің 40-қа жуық оң сынамасы зерттелді, оның ішінде бір сынамада Қазақстан аумағында анықталған BQ.1.1 «Омикрон» штаммының бір түрі «Цербер» штаммы расталды», - деді Айнагүл Мусина.

Осы ретте, өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері ақмолалықтарға санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды және ондай жерлерде қорғаныс шарасы ретінде бетперде киюді еске салады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде