Аязға байланысты Екатеринбург-Алматы трассасында қозғалыс шектелді
«Екатеринбург-Алматы» тасжолының Қарғандыдан Жамбыл облысына дейінгі аралығында қозғалысқа уақытша тыйм салында.
12:33 11.12.2022
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазылған.
«Ауа температурасының төмендеуіне байланысты сағат 22:00-ден бастап жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Екатеринбург-Алматы» республикалық маңызы бар автожолының Қарағанды қаласынан Жамбыл облысының шекарасына дейінгі учаскесінде жүк және қоғамдық автокөлік (дизельді автокөлік) үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді», - делінген компанияның Іnstagram-парақшасында жарияланған хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!