{metadescription}
Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

Елена Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық кезеңінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаршығалар» тобында өнер көрсететін Е.Рыбакина «Сұңқарлар» сапында шыққан қарсыласын 0:6, 6:1, 10:6 есебімен тізе бүктірді.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта қазақстандық теннисші 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. А.Соболенко 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.

Енді Е.Рыбакина германиялық Александр Зверевпен бірге 22 желтоқсанда аралас сында канадалықтар Феликс Оже-Альяссим – Эжени Бушармен кездеседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.