Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 1 айға ұзартылды
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды.
11:50 21.12.2022
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», - делінген Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.
Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.
Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.
Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram