Екібастұздағы апатты тергеу жұмысы қалай жүріп жатыр
ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Екібастұздағы апатты тергеу қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:40 21.12.2022
«Павлодар облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары қылмыстық іс қозғады және тергеу жүргізіп жатыр. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның ішінде оқиғаға қатысы бар адамдарды нақты анықтауға бағытталған шаралар бар», - деді Ж. Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.
Спикердің айтуынша, тиісті техникалық ақаулар болған. Бас прокуратура техникалық қорытынды алуы қажет.
«Сондықтан біз сараптаманың қорытындысын күтеміз. Бұл іс бойынша міндетті түрде хабардар боласыздар», - дейді Бас прокурор орынбасары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!