Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда қандай вирустар айналымда жүр – министр жауабы
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде таралып жатқан инфекциялар мен вирустар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14:32 21.12.2022
«Қазір біздің елде омикрон вирусы таралып жатыр. Омикронның бірнеше түрі бар. Вирус үнемі түрленіп отырады. Ол да қоршаған ортада тіршілік етеді және қазір оның «цербер» деген түрі де табылды», - деді Ажар Ғиният Мәжіліс кулуарында тілшілерге берген жауабында.
Сондай-ақ, министр анықталған тұмау штамдары туралы да баяндады.
«Тұмаудың бір-біріне ұқсамайтын үш түрі бар, соның ішінде шошқа тұмауы (H1N1) да бізде тіркелген. Оған қоса аденовирус тіркеліп жатыр, қазір вирустың барлық түрі анықталып, инфекция мен суперинфекцияның араласқанын көріп отырмыз – вирустар бірінің үстіне бірі қабаттасып, сырқат өте ауыр жүреді. Қазан айында тұмауға қарсы екпе алдым. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясына қарсы ревакцина алдым. Мен өңірлерге барамын, көп адаммен кездесемін және ұшақта өзімді қорғауға тырысамын, барлық жерде маска тағамын», - деп толықтырды Денсаулық сақтау министрі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram