Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан гендерлік теңдік бойынша әлемдік рейтингіде 65-орынға көтерілді
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы «Жаһандық гендерлік алшақтық-2022» зерттеуінің қортындысына сай, гендерлік теңдік бойынша 80-орыннан 65-орынға көтерілді.
Фото: depositphotos.com
18:24 21.12.2022
Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 20 жылдан астам уақыт ішінде халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде өзін қалыптастыра білді. Ұлттық комиссия Қазақстандағы барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде, гендерлік теңдікті қалыптастыруда ірі жобаларды іске асырып, мәселелерді уақтылы шешіп келеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде Қазақстан гендерлік теңдік бойынша өз көрсеткіштерін жақсартты. Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеуіне сәйкес, еліміз 80-орыннан 65-орынға көтерілді», - деді Елена Тарасенко.
Сонымен қатар, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның биылғы жұмыстарының қорытындысы мәлім етілген брифингіде отбасын қолдау орталықтарының санын көбейту жоспарланғаны айтылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram