Шымкентте көлік багажы үстіне отырып көше аралаған жастарға айыппұл салынды
Шымкентте жеңіл көлік үстінде отырып көше аралаған жастар жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Видеодан алынған кадр
19:27 21.12.2022
Шымкенттік жастар құрбысын жеңіл көліктің үстіне отырығызып, қала көшелерін аралаған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан қыздың да еш қорықпастан жүк салғыштың үстінде отырғанын көруге болады.
Полиция іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жазбада көрсетілген жүргізушіні анықтады. Ол 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Құқықбұзушы видео түсіру үшін жол қозғалысы ережесін бұзған.
«Ол «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтамау» бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 5 АЕК айыппұл салынуы мүмкін» - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!