Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Криштиану Роналду «Аль-Наср» клубымен келісімшартқа отырды
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду Сауд Аравия клубы «Аль-Насрмен» келісімшартқа отырды.
Фото: alarabiya.net
08:09 31.12.2022
37 жастағы форвардпен келісім екі жылға жасалған. БАҚ-тардың мәліметінше, Роналду жарнамалық келісімдерді қоса есептегенде жылына 200 млн еуро жалақы алатын болады.
«Аль-Наср» клубының жұмысы аса шабыттандырады және жоғары жетістіктерге жету үшін командалас достарымның қатарына қосылуға қуаныштымын», - деді әйгілі футболшы.
Аталған клубтың директорлар кеңесінің төрағасы Мусали Аль Муаммардың айтуынша, бұл келісім жай ғана тарихи бетті бастау емес, одан да айтулы оқиға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram