{metadescription}
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды

Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 3 қаңтар күні сағат 10:13 кезінде «101» пультіне Алмалы ауданы, Брусиловский көшесі, 167-үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті.

«Өрт сөндіру бригадасы 18 қабатты үйдің 4-қабатындағы екi бөлмелі пәтердің ас бөлмесін және тағы бір бөлмені 30 шаршы метр аумақта от шарпығанын анықтады. Қабылданған шаралармен өрттің таралуы 10:44-те тоқтатылып, 10:59-да жойылды. Жалынның 5-қабатқа таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге 43 маман мен 11 бірлік техника жұмылдырылды.

«Газ-түтіннен қорғау қызметінің топтары 75 тұрғынды, оның ішінде 25 баланы қауіпсіз орынға эвакуациялады. Арнайы жасақтан келген Daewoo автобусы эвакуацияланған тұрғындарды жылыту шараларын қолға алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде