{metadescription}
Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустан бір адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, науқастың жасы 83-те еді. Оның қосымша аурулары болды. 

«Ол екпе алмаған, қатар жүретін аурулар – өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА), артериялық гипертензия бар еді», - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінен. 

Бұған дейін Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 87 жағдайы анықталғаны, тағы екі адамның ковид пневмониясына шалдыққаны хабарланған болатын. 

4 қаңтардағы жағдай бойынша 2600 адам коронавирустан ем алуын жалғастыруда, оның ішінде 259 науқас стационарда жатса, 2341 науқас амбулаторлық ем қабылдап жатыр. 

Соңғы мәліметтерге сәйкес, КВИ+ және КВИ- жағдайларының арасында: ауыр жағдайда – жеті науқас, өте ауыр жағдайда – алты науқас, жасанды тыныс алу аппаратында жатқан екі науқас бар. 
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тартуды кеңес еткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.