{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Астанада 45 әуе рейсі кейінге шегерілді
2023 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана қаласына қонатын және осы қаладан ұшатын 45 рейс шегерілді.
Фото: ашық дереккөзден
14:38 04.01.2023
Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлайды.
Соның ішінде 26 рейс ұшып келуі және 19 рейс ұшырылуы тиіс болды.
Атап өткенде, «Алматы-Астана» бағытындағы үш рейс тоқтатылып, тағы алтауы кейінге қалдырылған.
- «Петропавл-Астана» бағытында ұшатын рейс тоқтатылды.
- «Ақтөбе-Астана» бағытында ұшатын бір рейс кейінге қалдырылып, біреуі тоқтатылды.
- «Шымкент-Астана» бағытындағы төрт рейс күн райы тұрақталғанша кейінге қалдырылды.
- «Қостанай-Астана» бағытымен ұшатын бір рейс тоқтатылып, тағы біреуі кейінге қалдырылған.
- Сондай-ақ, елордаға Түркістан, Қызылорда, Жезқазған, Атырау, Ақтау және Мәскеуден ұшып шығуы тиіс болған рейстер кейінге қалдырылды.
- «Астана-Петропавл» бағытында ұшатын бір рейс кейінге қалдырылған.
- «Астана-Алматы» бағытымен ұшуы тиіс болған төрт рейс тоқтатылып, тағы үшеуі кейінге қалдырылды.
- «Астана-Қостанай» бағыты бойынша ұшуы тиіс болған бір рейс тоқтатылып, тағы біреуі күн ашылғанша кейінге қалдырылды.
- «Астана-Шымкент» бағытындағы екі рейс кейінге қалдырылды.
- «Астана-Атырау» бағытындағы бір рейс кейінге қалдырылды.
- «Астана-Ақтөбе» бағытындағы екі рейстің бірі тоқтатылып, тағы біреуі кейінге қалдырылды.
- «Астана-Жезқазған», «Астана-Ақтау», «Астана-Қостанайй» бағытындағы рейстер кейін ұшатын болды.
- «Астана-Түркістан» бағытындағы рейс күн райының бұзылуына байланысты тоқтатылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram