Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда мұз көшкіні жүру қаупі сақталады
Алматыда қабыршақ мұздың жүруі қаупі сақталады, деп хабарлайды қалалық ТЖД.
16:09 06.01.2023
Ведомствоның мәліметінше, Алматыда ауа-райының өзгеруіне байланысты өзендерде сең жүруі мүмкін (өзен, су арналары бетіндегі мұздың көтеріліп жүруі, зажор және т.б.). Бұл құбылыс ұзақ аяз және ауа райының бірден жылуына байланысты сеңнің, қабыршақ мұздың жүруіне әкелуі мүмкін (мұзды сел).
Осыған орай «Қазселденқорғау» ММ және Алматы қалалық ТЖД мамандары ескерту жасады.
«Таяу күндері қабыршақ мұздың жүру қаупі сақталады. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына (Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы ) өзендерінің су арналарының жанында серуендеп жүрмеу қажет. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, өзен арнасының жайылмасында, жақын жерде автокөліктерді қоймаңыз», - деп ескертті ведомство өкілдері.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram