{metadescription}
Астана мен бірқатар өңірде екінші ауысымда оқитын балалар мектепке бармайды

Астана мен бірқатар өңірде екінші ауысымда оқитын балалар мектепке бармайды

Бүгін бірқатар өңірде екінші ауысым оқушылары сабақты онлайн өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау және Ақтөбе облыстарында 10-11 қаңтар - екі күн бойы оқушылардың үйде қалатынын бұған дейін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, бүгін Астана қаласында екінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Сонымен қатар Абай облысының Семей қаласында және Ақмола облысының орталығы Көкшетауда 10 қаңтар күні екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары және колледждердің барлық курс студенттері онлайн оқиды.

Ұлытау облысы және Павлодар қаласында да 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде