{metadescription}
Қарағандыда жарылыс болып, тұрғын 8-қабаттан құлаған

Қарағандыда жарылыс болып, тұрғын 8-қабаттан құлаған

Қарағандыда жарылыс болған үйдің 8-қабатындағы балконнан құлаған тұрғынның жағдайы - орташа ауыр. Дәрігерлер науқастың жамбас сүйектері сынығанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Науқастың жағдайы орташа ауырлыққа жақын. Есін біледі. Жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, жіліншік сүйектерінің жабық сынуы бар», - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 16 қабатты, бір кіреберісті, 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты.

1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтердің балконынан құлап, медициналық мекемеге жатқызылды.

Тексеру барысында үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі ер адам мен әйел).

Сондай-ақ, Қарағанды облысының ТЖД басшылығы газ жарылысы расталмағанын хабарлады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде