Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық боксшылар жастар арасында Азия чемпионатын жеңіспен бастады
Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан Азия чемпионаты басталды.
Фото: sports.kz
16:19 18.01.2023
Күндізгі сессияда 1/8 финалда қазақстандықтардан рингке алғашқы болып 48 келіге дейінгі салмақта жастар арасында әлем чемпионы, ерлер арасында Азия біріншілігінің жеңімпазы Санжар Тәшкенбай шықты. Санжар төрешілердің бірауыздан шешімімен қырғызстандық Анваржан Ходжиевті ұтты.
Тағы бір қазақстандық, ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Махмуд Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловпен жұдырықтасты. Махмуд та айқын басымдылықпен жеңді – 5:0.
Бокстан Азия чемпионаты 27 қаңтарға дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қатысатын бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі анықталғанын жазған едік.
Сондай-ақ, қазақстандық қыздардың қарсыластарыанықталды.
Қазақстандық 10 боксшы Азия чемпионатының жүлдегері атанып үлгерді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram