Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жетісуда су өлшейтін конструкцияға соғылған көліктегі жолаушы көз жұмды
Жетісу облысында автокөлік су деңгейін бақылайтын құрылымға соқтығысты.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
12:09 30.01.2023
Жол апаты 29 қаңтар кешке Панфилов ауданында тіркелген. Toyota Corolla автокөлігінің рөлінде 65 жастағы зейнеткер болды.
Ол Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, кілт бұрылыста трассадан ұшып кетті.
Салдарынан көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғылысты.
Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды.
Жүргізуші түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram