{metadescription}
Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Талдықорғанда күдікті жігіттен ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күдікті Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінде арнайы іс-шаралар барысында ұсталды. Жеке тінту кезінде 18 жастағы жігіттен синтетикалық есірткінің бір түрі «α-пирролидиновалерофеноннің» 45 бумасы табылды.

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 21,19 грамм, бұл – аса ірі мөлшер деп есетелінеді. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз айналымнан 2,5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде