Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Өскеменде монша кешені отқа оранды
Өскемен қаласында монша кешені өртенді.
08:08 03.04.2023
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Әл-Фараби даңғылында орналасқан монша кешенінен өрт шыққан. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел келіп жетті.
«Сол сәтте монша кешеніндегі екі бөлмені жалын шарпып жатты. От тағы екі бөлменің шатырына жайылған. Тілсіз жау шарпыған жалпы аудан 125 шаршы метрді құрады. Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ», - делінген ақпаратта.
Қараңғыда құтқарушыларға ыңғайлы болу үшін жақын маңға жарық мұнарасы орналастырылды. Көп ұзамай өрт толықтай ауыздықталды.
Айта кетейік, қызыл жалынмен күреске барлығы 5 техника мен жеке құрамнан 24 адам жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram