Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Brent мұнайының бағасы қайтадан көтеріліп жатыр
Астана уақытымен сағат 04:09 шамасында Brent мұнайының бір баррелінің құны 6,43%, яғни 85,03 долларға дейін өсті.
09:01 03.04.2023
Лондонның ICE биржасында 2023 жылдың маусымында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 7 наурыздан бері алғаш рет 85 доллардан асты.
Оны дүйсенбідегі сауда-саттық деректерінен көруге болады. Сағат 04:23-ке қарай Brent баррелі 85,45 (өсім - 6,96%) долларға жетті.
Сонымен қатар 2023 жылдың мамырында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстері 7,15% қымбаттап, баррелі 81,08 долларға жетті.
2 сәуірде бірқатар ОПЕК+ елдері, оның ішінде Қазақстан күтпеген жерден мамыр айынан бастап жылдың соңына дейін мұнай өндіруді қысқартатынын жариялады.
Қысқартудың жалпы көлемі - тәулігіне шамамен 1,65 млн баррель болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram