{metadescription}
Ақтөбеде ерлі-зайыптылар мүгедек арбасына таңылған адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеп келген

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар мүгедек арбасына таңылған адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеп келген

Ақтөбелік жұп мүгедек арбасына таңылған адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеу арқылы күніне 5-6 мың теңге пайда тауып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп қайыр сұрауға мәжбүрлеу фактісін анықтады. Ақпан айында ерлі-зайыптылар 46 жастағы мүгедек арбаға таңылған ер адамды Шымкенттен Ақтөбеге әкеліп, қорқытып және зорлық-зомбылық жасау арқылы қайыр сұрауға мәжбүрлегені белгілі болды», - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингіде

Күдіктілер мүгедекті күн сайын таңертеңнен кешке дейін базарлардың маңында, ал жұма күндері мешіттердің жанында ұстаған. Осы арқылы күніне 5-6 мың теңге жинап отырған. Ал түскен ақшаны түгелдей өздері иемденіп келген.

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодестің 128-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.