{metadescription}
Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды

Астанада элиталы тұрғын үйде притон ұстаған қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, топ тұрғын әкімшісімен тығыз байланыста жұмыс істеген.

«Астанада 6 адамнан тұратын ұйымдасқан топтың қылмыстық қызметі әшкереленді, ол жыл бойы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін притон ұстаумен айналысқан. Жүйелі түрде қылмыстық жолмен табыс табу үшін күдіктілер астананың элиталы тұрғын үй кешендерінің бірінен 3 пәтер жалдап, онда притон ұйымдастырған. Қылмыскерлер өз қызметін аса құпия ұстау үшін тұрғын үй кешенінің күзетшілерімен байланыс орнатып, полиция рейдтері туралы ескерту жасау жайында келісім жасасқан. Рейд жүріп жатқанда олар дереу жалдамалы пәтерлерден кетіп қалып отырған», - деді ол.

ІІМ өкілінің сөзінше, притон клиенттері пәтерге кіру үшін тұрғын үй әкімшісімен тікелей байлынасатын болған.

«Интимдік қызметке қажетті қыздар массаж салонында жұмыс істеу туралы жарнама арқылы тартылды. Бірақ сұхбат барысында оларға 50/50 шартымен жезөкшелікпен айналысу ұсынылған. Осындай келісім жасалғаннан кейін әр қызға жұмыс кестесі белгіленіп отырған. Ұйымдастырушылар криминалдық бизнестен күн сайын орта есеппен 1 млн теңгеге дейін алып отырған. Полиция қызметкерлері интимдік қызмет көрсететін 11 адамды анықтады. Тінту барысында 20 мың АҚШ доллары, 156 мың Ресей рублі және 720 еуро сомасында ақшалай қаражат тәркіленді. Осы факті бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, притон ұстау және жеңгетайлық баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер ұсталды, екеуі қамауда, қалғандары қолхатпен босатылды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.