{metadescription}
Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» басшысы болып тағайындалды

Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» басшысы болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасын – Нұрлан Жақыповты таныстырды.

Үкімет басшысы қордың алдында инвестициялар тарту, энергетикалық кешенді дамыту, республиканың инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар қор отандық тауар өндірушілерге белсенді түрде қолдау көрсетіп, қолайлы жағдай жасауға тиіс. Бұл ұлттық экономиканың орнықты даму жолында нығаюына мүмкіндік береді.

«Әрбір еншілес компания мен холдинг жұмысының басым бағыттары және KPI айқындалған, перспективалы міндеттер түсінікті. Қор – біздің елімізде үлкен активтерді басқаратын өте маңызды құрылым. Қордың тиімді жұмысына көп мәселе, әсіресе, бүкіл экономикаға және еліміздің одан әрі дамуына әсер ететін ірі жобалар байланысты болып отыр», — деді Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ Үкімет басшысы Нұрлан Жақыпов пен қордың барлық қызметкерінің жұмыстарына табыс тіледі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.