{metadescription}
0:000:00

Атыраудағы газ-химия кешенінің мұржасында алау жанды

Бұл туралы бүгін, 3 сәуірде Іnstagram әлеуметтік желісінде видео тарады.

«KPI inc» ЖШС баспасөз қызметінен мәлім еткендей, полипропилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешеніндегі электрмен жабдықтау желісінде ақау болған.

Осыған байланысты өндіріс жұмысы ішінара тоқтатылған.

«Бүгін, 3 сәуірде сағат 10:59-да «KEGOC» АҚ-ның 220 кВ Л-2025 әуе желісінің қысқа тұйықталуына байланысты «KUS» ЖШС-не қарасты генерациялаушы қондырғылардың жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды. Желідегі ақау интеграцияланған газ-химия кешеніндегі электр қабылдағыштардың жұмысын тоқтатуына әкеліп соқтырды. Бұл факт интеграцияланған газ-химия кешенінің кезекші персоналымен жедел реттеледі. Алайда, сағат 11:11-де «KEGOC» АҚ-ның жүйелік операторы тұтынушыға хабарламай, бүлінген 220 кВ Л-2025 әуе желісін қайта қосты. Осының салдарынан тұтынушылар электр энергиясынан авариялық жағдайда ажыратылды. Сондай-ақ, технологиялық процес бұзылып, интеграцияланған газ-химия кешеніндегі пропанды дегидрлеу өндірісінің жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. .

Өндірісті автоматты режимде қауіпсіз тоқтатуды қамтамасыз ету мақсатында жобаға сәйкес барлық технологиялық операция сақталған.

Ал, пропанды дегидрлеу қондырғысынан алау жағылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.