Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Дональд Трамп қамауға алынды
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қамауға алынды.
Фото: ашық дереккөзден
09:01 05.04.2023
Оған қарсы бірқатар тергеудің бірі – порножұлдыз Сторми Дэниэлске (шын аты - Стефани Клиффордс) пара беруімен байланысты. 2016 жылғы сайлауға дейін Дональд Трамп адвокат арқылы Сторми Дэниэлске он жыл бұрын онымен байланысқаны туралы үндемеу үшін 130 мың доллар төлеген. Бұл төлем заңсыз болған жоқ, бірақ саясаткердің адвокаты оны заңгерлік қызмет ақысы ретінде рәсімдеген және бұл Нью-Йорк штатында есептілікті бұрмалау болып саналады және қылмыстық жазаға тартылады.
Манхэттеннің үлкен алқабилерінің оған қылмыстық айып тағу туралы шешімі туралы хабардан кейін Дональд Трамп қоры бір күнде 4 миллион доллардан астам қайырымдылық жинаған.
Дональд Трамп өзінің кінәсін мойындамады. Манхэттен аймақтық прокурорының кеңсесінде оған 34 бөлім бойынша айып тағылған.
Ол айып тағылғандарға міндетті процедуралардың барлығынан өтті, қойылған сауалдарға да жауап берді.
Сот залында суретке немесе видеоға түсіруге болмайтын еді. Сол себепті ғимараттың ішінен түсірілген түсірілімдер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram