Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Диана Арысова ҚазМұнайГаз басшысының орынбасары болып тағайындалды
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметіне Диана Айдарқызы Арысова тағайындалды. Ол экономика және қаржы бағытына жетекшілік етеді.
Фото: t.me/samrukazynaofficial
10:56 05.04.2023
«Самұрық-Қазына» қоры баспасөз қызметінің мәліметінше, Диана Айдарқызы 2016 жылдан 2023 жылға дейін «PSA» ЖШС-де мұнай-газ операциялары шоттарына ревизия жүргізу департаментінің директоры қызметін атқарып келді.
Әр жылдары «KMG Drilling&Services» ЖШС қаржы директоры, бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінде энергетика саласындағы жобалардың үйлестірушісі лауазымдарында еңбек еткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram